Педагогический сайт Казахстана и СНГ

Каталог статей

Главная » Статьи » География

«Қозғалысқа» берілген есептер.

Мырзаханова Гульмира Амантаевна 
Семей қаласы, №38 мектеп-лицей 
Сабақтың тақырыбы: «Қозғалысқа» берілген есептер. 
Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларды нысандардың қозғалыстарына (бір-біріне қарама-қарсы, біріне-бірі қарама-қарсы, бір бағыттағы (қуып жету, кейін қалу)) берілген есептерді түсініп, талдауға және шығара білуге үйрету. 
Міндеттері: 
Білімділік: Бір-біріне қарама-қарсы, бірінен-бірі қарама-қарсы, бір бағыттағы (қуып жету, кейін қалу) қозғалысының мағыналарына түсінік беру, қозғалыстарға берілген есептердің шығару әдістерімен таныстыру. 
Дамытушылық: Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, танымдық, зеректік қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз ойын қорытындылай білуге баулу. 
Тәрбиелік: Оқушыларды өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдай білуге, ұжымдық қарым- қатынасқа, сабақ үстіндегі белсенділіктерді арттыруға және өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы 
Сабақтың түрі: аралас 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс. 
Сабақтың көрнекіліктері: презентация, таратпа материалдар. 
Сабақтың жоспары: 
1. Ұйымдастыру 
2. Үй тапсырмасын тексеру 
3. «Ой қозғау» 
4. Жаңа материалды игеру 
5. Сергіту сәті 
6. Тақырыпты бекіту 
7. Үй жұмысы 
8. Қорытындылау, бағалау 
Сабақтың өтілу барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі: 
а) Оқушылармен амандасып, түгендеу. 
ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру. 
б) Оқушыларды төрт топқа бөлу. 
2. Ұй тапсырмасын тексеру 
3. Ой қозғау. 
- Нысандардың жүрген жолын қалай табуға болады? 
- Нысандардың жүрілген жолы мен уақыты белгілі болған жағдайда, жылдамдықты табуға бола ма? 
- Егер қашықтық пен жылдамдық белгілі болса, онда жолға кеткен уақытты қалай анықтаймыз? 
4. Бүгінгі сабағымызда нысандардың түзу бойынша қозғалысының мүмкін нұсқаларын қарастырамыз. 
Нысандардың түзу бойынша қозғалысында келесі түрлерін ажыратуға болады: 
1. Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс 
2. Бір пункттен бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс 
3. Бір бағыттағы қозғалыс (қуып жету) 
4. Бір бағыттағы қозғалыс (кейін жету) 

1-топ – Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс 
Арасы S км екі пункттерден бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі нысан шықты. Бірінші нысанның жылдамдығы V1 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы V2 км/сағ. 

Екі нысан бір мезгілде жолға шығып, тоқтамай бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүріп отырса, нысандар бір-біріне жақындайды. Уақыт бірлігінде нысандардың бір-біріне жақындауын жақындау жылдамдығы деп айтады. 

Бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы нысандардың жылдамдықтарының қосындысына тең болады. 
V жақынд. = V1 + V2 

Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыста нысандардың белгілі уақытта жүрген арақашықтығын білу үшін жақындау жылдамдығын жүрген уақытына көбейту керек. 
S = Vжақынд ∙ t 

2 топ – Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс 
Бір пункттен бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі нысан шықты. Бірінші нысанның жылдамдығы V1 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы V2 км/сағ. 
Екі нысан бір мезгілде және бір пункттен жолға шығып, тоқтамай бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүріп отырса, нысандар бір-бірінен алыстайды. Уақыт бірлігінде нысандардың бір-бірінен алыстауында алыстау жылдамдығы анықталады. 
Бір-бірінен қарама-қарсы бағытта қозғалу кезінде алыстау жылдамдығы нысандардың жылдамдықтарының қосындысына тең болады. 
V алыст. = V1 + V2 
Бір пункттен шыққан бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыста нысандардың белгілі уақытта жүрген арақашықтығын білу үшін алыстау жылдамдығын жүрген уақытына көбейту керек. 
S = Vалыст ∙ t 

3 топ – Бір бағыттағы қозғалыс (қуып жетуі) 
Екі нысанның арасы S км тең және олар бір мезгілде бір бағытта бірінен кейін бірі V1 және V2 жылдамдықтармен (V1> V2) жылжып келеді. Егер бір бағыттағы қозғалыста нысандардың жылдамдықтары V1> V2, олар бір-біріне жақындайды және жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың айырмасына тең. 
V1> V2, Vжақынд.= V1 – V2 

4 топ – Бір бағыттағы қозғалыстың (кейін қалуы) 
Егер екі нысанның арасы S-ке тең болып, және олар бір бағытта бірінен кейін бірі V1 және V2 жылдамдықтармен (V1< V2 ) жылжып келеді. Егер бір бағыттағы қозғалыста нысандардың жылдамдықтары V1< V2, олар бір-бірінен алыстайды және алыстау жылдамдығы жылдамдықтардың айырмасына тең. 
Егер V1< V2, онда нысандардың алыстау жылдамдығын анықтау Vалыст.= V2 –V1 

5. Сергіту сәті. 

6. Тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар. 
1 тапсырма. Арасы 600 км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі поезд шықты. Бірінші поездың жылдамдығы 70 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 80 км/сағ. Олар қанша уақыттан соң кездесті? 



2 тапсырма. Арасы 10 км А және В пункттерінен бір мезгілде біріне-бірі қарама-қарсы бағытта 2 жаяу адам шықты. 1-ші жаяу адамның жылдамдығы 3 км/сағ, ал 2-ші жаяу адамның жылдамдығы 5 км/сағ. 4 сағ кейін арақашықтығы қандай? 



3 тапсырма. Кішкентай балапан өрмекшімен танысқысы келеді. Қазір олардың арасы 40 м. Егер өрмекшінің жылдамдығы 360 м/мин болса, ал балапанның жылдамдығы 370 м/мин болса өрмекшіні қуып жете ала ма? 3 мин кейін олардың арақашықтығы қандай болады? 



4 тапсырма. Ит 800 м/мин жылдамдықпен қашып келе жатқан қоянды 750 м/мин жылдамдықпен қуып келеді. Ит пен қоянның арақашықтары қандай жылдамдықпен өзгереді? Егер қазір ит пен қоянның арасы 600 м болса, 8 мин кейін ол қалай өзгереді? 



5 тапсырма. Арасы 500 км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы автобус пен жүк машинасы шықты. Егер жүк машинасының жылдамдығы автобустың жылдамдығына қарағанда 4 есе үлкен. Олар 4 сағ кейін кездессе автобустың жылдамдығы қандай? 



7. Үйге тапсырма беру. 
8. Қорытындылау, бағалау.

Категория: География | Добавил: kzexe (29.03.2017)
Просмотров: 624 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Четверг, 10.10.2024, 19:30
Приветствую Вас Гость

Категории раздела

Школа как она есть [140]
География [55]
Рефераты [21]

Поиск

Вход на сайт

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0