Педагогический сайт Казахстана и СНГ

Каталог статей

Главная » Статьи » География

Сынып: 6 Сабақтың тақырыбы: Мұхит ағыстары

География Сынып: 6 
Сабақтың тақырыбы: Мұхит ағыстары 
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға мұхит ағыстары және олардың пайда болу себептері жайлы білім беру. 
Дамытушылық: Кескін картаға тұрақты ағыстарды түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін карталармен жұмыс істеу біліктерін одан ары дамыту. 
Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуы туралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді 
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық 
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас 
Номенклатура: Лабрадор ағысы, Гольфстрим ағысы, Батыс желдер ағысы, Куросио ағысы, Шығыс Аустралия ағысы, Солтүстік Атлант ағысы 
Сабақтың кезеңдері: 
• Ұйымдастыру кезеңі 
• Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 
• Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 
• Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 
• Сабақты қорытындылау кезеңі 
• Бағалау кезеңі 
• Үйге тапсырма беру кезеңі 

Сабақтың барысы 
I.1.Үйымдастыру кезең 
II.2.Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабақта салған постер арқылы жұмыс 
1Толқын деген не ? 
2.Толқын қалай пайда болады ? 
3.Толқын қандай элемементтерден тұрады ? 
4.Толқынның күші неше балмен есептеледі ? 
5.Цунами деген не ? 
6.Толысу мен қайту ненің әсерінен болады ? 
7.Қандай елдер және не үшін толысу мен кайту күшін пайдаланады ? 
III. Жаңа сабақ 
1.шөлмек поштасы туралы не білесіңдер ? Ол неге негізделген ? 
Сыныпта 8оқушы жұпқа бөліп жаңа сабақты оқытамын . 
2.жалпы сыныппен жұмыс : Оқулықтың 123 бетіндегі мұхит ағыстары картаны ( 85суретте ) қарап талдау . 
Жаңа тақырып бойынша жұпқа бөліп оқулықта берілген 41параграфпен жұмыс жасау : 
3.1 Бірінші жұп( Қабылбол мен Ерғанат )-Ағыстардың пайда болу себебі 
3.2 Екінші жұп(Әділжан мен Заманай ) -124беттегі мәтін ең ірі ағыстарды сипаттау 
3.3 Үшінші жұп Мейрамхан мен Нұрболат )-Ағыстардың адам өміріне әсері (пайдасы мен зиянды жағы ) 
3.4.Төртінші жұп Ұлан мен Женісбек ) -кесте толтырады 

№ Мұхит аты Судың орташа температурасы Жылы 
ағыстар Суық 
Ағыстар 
1 Тынық мұхиты 
19,4 С 
2 Атлант мұхиты 
17,3 С 
3 Үнді мұхиты 
16,5С 
4 Солтүстік мұзды 
Мұхиты -1 С 

IV .Пысықтау ,кезеңі 
1.Оқушылар өзара дайындалып оқулықтан білгенін ортаға салады 
4.жұп білгенің басқаларға баяндайды . 

2.Картамен жұмыс :атағанды картадан көрсет. 
1.Ең үлкен жылы ағыс (Гольфстрим ) 
2.Ең үлкен суық елдер ағысы (Батыс желдер ағысы ) 
3.Жер шарындағы ең үлкен мұхит (Тынық ) 
4.Мұхит суының орташа тұздылығы(37 промилле ) 
5.Су астындағы жанартаудың ,атқылауынан туатын толқын қайда таралған (цунами ) 
6.Картада жылы ағыстар қандай түспен беріледі ?( қызыл түспен ) 
7.Дүниежүзілік мұхит неше бөліктен тұрады ?(4) 
8.Жер шарындағы ең терең мұхит шұнғымасы (Мариан ) 

V.Сабақты қорытындылау кезеңі Мұғалім толықтырады 
VI.Бағалайды :өз ара - мұғалім 
VII .Үйге тапсырма береді :1.параграф 41 мұхит ағыстары . 
2.Кескін картаға ағыстарды белгілейді 
3Өздерінің қалауларың бойынша бойынша 1суық ,1жылы ағысқа сипаттама беріңдер

Категория: География | Добавил: kzexe (29.03.2017)
Просмотров: 377 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Четверг, 10.10.2024, 17:26
Приветствую Вас Гость

Категории раздела

Школа как она есть [140]
География [55]
Рефераты [21]

Поиск

Вход на сайт

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0