Педагогический сайт Казахстана и СНГ

Каталог статей

Главная » Статьи » География

Тақырыбы: Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар.

География Сыныбы__ 6 

Тақырыбы: Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар. 
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға жердің ішкі және сыртқы құрылысы жайында түсінік беру , олардың ерекшеліктерін түсіндіру. 
Дамыту: Өз бетінше мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландыру.Өз ара оқыту технология арқылы . Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.Оқулықта берілген мәтінннен негізгі ойды тауып оны сыныптастарына жеткізе білуге үйрету 
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. 

Болжамдап отырған нәтиже: Жердің құрылысы, литосфералық тақталармен танысқан тұлға 

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.Жаңа тарау « Жер қабықтары » 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап 
2.оқулықпен жұмыс 
3.топтастыру ,пікіралмасу 
4.қорғау 
5.электрондық оқулықпен жұмыс 
5.Кестемен жұмыс. 
6.Шығармашылық тапсырма ассоцияция 
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б. 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
1. Сұрақ-жауап. 
1. Күн жүйесіне кіретін планеталардың пішіні қандай? 
2. Жердің пішіні қандай ? 
3. Жер радиусының мөлшері қанша ? 
4.Интер белсенді тақта- экранда жердің ғарыштан түсірген суретінде не көреміз ?(жердің негізгі түсі көгілдір ) 
5. Жер бетінде құрлық көлемі әлде су көлемі коппе ? 
Қорытындылау. 
ІІІ. Жаңа сабақ.сыныпта 8бала екі топқа бөліп 18 -»Жердің құрылысы » деген тақырыптағы параграфты екі топқа бөліп берем 
1топ -Жердің сыртқы құрылысы .Жер қабықтары . 
2топ -Жердің ішкі құрылысын 
Постер жасап осы екі мәтінді оқып жеке ,өз ара талдайды 
1.Мәтінді арқайсысы жеке оқиды 
2.Өз ара бөліп дайындап айтады 
3.Ватманға сурет салады 41-суретке жүгініп (әр топ өзінің тапсырмасы жердiн сыртқы немесе ішкі қабаттарын ғана ) 
4.Берілген мәтінің сандарды , жаңа ұғымдарды постерге енгізіп түсіндіруді үйренеді 
5.Дайын постерді өзара түсініп талқылайды 
6. тақтаға шығып талқылайды (өзара спикер кезектесіп таңдайды ) 
IV.Пысықтау (ортақ екі топқа ) 
1.Жердің құрылылысы Презентация қарайды .Электрондық Оқулық 
2. Кестемен жұмыс.(кесте таратамын ) 
Кесте арқылы жердің ішкі құрылысын түсіндіру. 
Жер қыртысы Орташа қалыңдығы мұхиттарда 5-10 км, материктерде 35-40 км, биік тауларда 70 км-ге дейін жетеді. 

Мантия 2900 км/ге дейінгі тереңдікте орналасқан,жоғарғы мантия тығыздығы-4,5 т/м3, температурасы-2200С. Төменгі мантия тығыздығы-5,7 т/м3, температурасы-36000С. 

Ядро 2900-6370 км аралығында орналасқан.Екі бөліктен тұрады. Сыртқы ядро 2900-5000 км аралығында, тығыздығы-10-15 т/м3, температурасы-40000С. Сұйық металдардан темір, никель т.б. тұрады. Ішкі ядро тығыздығы-15-20 т/м3, температурасы-60000С. Қатты темірден тұрады. 
3.Ассоцияция : Жерді немен салыстыруға болады – піскен жұмыртқамен ,шиемен ,т.б. 
Қабығы-литосфера 
Ақуызы-мантия 
Сарыуызы-ядро 
Немесе шие өздері салыстырады 
Жердің қай қабатыадамдар үшін маңызды емес ? 
Бар қабаты керек біреуі болмаса тіршілік жоқ екенін өздері дәлелдейді . 

V. Қорытындылау, бағалау 
VІ. Үйге тапсырма беру. 
Үйге: параграф 18.

Категория: География | Добавил: kzexe (29.03.2017)
Просмотров: 425 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Четверг, 10.10.2024, 17:20
Приветствую Вас Гость

Категории раздела

Школа как она есть [140]
География [55]
Рефераты [21]

Поиск

Вход на сайт

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0