Педагогический сайт Казахстана и СНГ

Каталог статей

Главная » Статьи » Рефераты

Ғылым әлемдік институт ретінде

Ғылым әлемдік институт ретінде.

  1. Ғылыми іс-қызметтік ұйымдасуы: құрылым, белгілер, критерийлер (өлшемдер).
  2. Ғылым әлеуметтік институт ретінде: негізгі ыңғайлар (подходы).
  3. Ғылыми іс-қызметтің институтциональдық формаларының тарихи дамуы: негізгі тенденциялар.

Жалпы алғанда дүниетану процесін, ал сөзбе-сөз алғанда таным теориясын білдіретін ертедегі Грециядан бері келе жатқан бірі "гносеология", екіншісі "эпистемология" деген екі термин сөз бар. Грекше "gnosis" те, "ерisteme" де "білім" деген мағынаны білдіреді екен, олай болса, алғашқы келтірілген екі термин сөздің екеуі де таным теориясы дегенді білдіреді деп жазылыпты философиялық сөздіктерде. "Эпистемология" термині негізінен ағылшын, американ тілдерінде және сирек болса да француз, неміс тілдерінде қолданылады екен.

Бірақ философия тарихын зерттеумен көбірек айналысқан кейбір авторлар, әсіресе ғылым философиясымен айналысушылар ертедегі Грецияда "эпистемология" деп ақиқаттығы негізделген, дәлелді математика, логика деген білім салаларын атаған, ал қалған басқа білімдер жай пікір (dоха) деп саналған дейді. Осындай дәлелдерді басшылыққа ала отырып, қазіргі философтар, оның ішінде әсіресе ғылым философтары таным процесін күнделікті жай таным және ғылыми таным деп екіге бөліп, жалпы таным теориясын (күнделікті таным процесін қоса) "гносеология" деп атап, ал ғылыми таным теориясын "эпистемология" деген терминмен атауды ресми түрде болмаса да қабыл алыпты. Сондықтан біз де эпистемологияны ғылыми таным теориясының атауы ретінде қолданып отырмыз.

Ғылыми білімнің өзі эмпириялық (тәжірибелік) және теориялық болып екіге жіктелетіндіктен, алдымен эмпириялық білімнің құрылысын қарастырып, содан кейін теориялық білімге көшуді орынды санадық.

Шындық дүниеде өмір сүретін заттар мен құбылыстар туралы хабар беретін түйсіктер мен қабылдаулар олармен тікелей байланысты, өйткені олардың көрнекі белгілері мен сапаларын бейнелеңдіреді. Сондықтан олар заттардың сезімдік бейнесі болып табылады. Сыртқы дүние нәрселерінің тікелей әсер етуінің нәтижесінде бізде, мәселен, олардың түсі, түрі, көлемі, формасы т.б. туралы нақты түйсіктер туады, ал олардың табиғи бірлігінің нәтижесінде біртұтас қабылдау бейнесі туады. Танымның бұл деңгейін шындық дүниенің тікелей сезімдік бейнелену процесі деп қарауға болады, бірақ мұны ғылыми танымның эмпириялық деңгейімен бірдей, тепе-тең деп қарауға болмайды.

Кейде бізге заттар қалай көрінсе, іс жүзінде олар сондай сияқты көрінеді. Мұндай түсінік күнделікті ойлау процесінде кең тараған. Мұндай түсінік философияда "қарапайым реализм" деп сипатталады. Бұл түсінікте шындық дүниенің объективтік өмір сүретініне деген сенім бар екендігі күмәнсіз, бірақ ол шындықтың танымдық бейнесі дұрыс болмауы мүмкін: алғаш қарағанда, мәселен, жер қозғалмай бір орында тұрған сияқты, ал Күн шығыстан батысқа қарай жылжып бара жатқан сияқты, материяның (атомның) көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектері, вирустар мен микроптар дүниеде өмір сүрмейтін, жоқ сияқты. Ал ғылым Күн жерді емес, Жер күңді айнала жылжитынын дәлелдейді, арнайы приборлар мен ультрамикроскоптар ұсақ бөлшектердің, вирустар мен микроптардың бар екендігін көрсетті т.т.

Субъективтік идеализмді жақтаушылар "қарапайым реализмнің" түсініктеріне сүйене отырып, біздің танымымыздың қайнар көзі шыңдық дүние заттары мен құбылыстары емес, керісінше, адамның түйсігі дүниенің бар екендігінің негізі деген жалған пікірді дәлелдемекші болды.

Субъективтік идеализмнің бастамасын салған Дж. Беркли, мәселен, әрбір адам тікелей өз түйсігін ғана білетіндіктен, ол түйсіктен тысқары не бар екендігін біле алмайды деп дәлелдеуге бар күшін салды. Түйсіктер мен қабылдауларды объективтік түрде өмір сүретін заттардың қасиеттерінің адам миында бейнеленуі деп түсіндірудің орнына, субъективтік идеалистер, керісінше, түйсіктер дүниенің алғашқы негізі, өйткені заттар сол түйсіктердің қосындысы, "комбинациясы" түрінде пайда болады деп түсіндіруге тырысты. Бұл теріс түсінікті логикалық дәйектілік тұрғысынан әрі қарай созсақ: "мен ғана бар, менің түйсігім ғана бар, қалған дүниенің бәрі менің түйсігімде ғана өмір сүреді" деген қисынсыз қорытындыға келер едік. Мұндай қисынсыз пайымдау философияда солипсизм деп аталады.

"Қарапайым реализмнің" көзқарасы анық, айқын болғанымен, бірақ ғылым тұрғысынан ақиқат болмайды, өйткені көп жағдайларда заттар мен құбылыстардың сырт көрінісі мен ішкі мәні өзара сәйкес келмейді. Шындық дүниенің барлық жақтарын тікелей сезім мүшелерімен танып білу мүмкін емес, өйткені оны күрделі де жанама тәсілдердің көмегімен танып білуге болады.

Ғылымда эмпириялық таным бақылау мен эксерименттің мәліметтерін талдап, ұғынудан басталады, осының нәтижесінде эмпириялық объекттер туралы түсініктер пайда болады. Мұндай объекттер шындық нәрселерінің қасиеттері мен қатынастарын немесе істін; шын мәнін термиңдердің және эмпириялық тілдің сөйлемдерінің көмегімен түсіңдіреді. Бірақ оларды танып білу, кейде ойлағандай, тікелей жүзеге аспайды, сезімдік таным арқылы жанама жолмен іске асады. Демек, эмпириялық объектілерді сыртқы дүние нәрселерімен тікелей байланысты сезімдік объектілердің моделі (үлгісі) ретіңде қарастыруға болады.

Танымның эмпириялық деңгейін талдауды қорытындылай отырып, ол танымның сезімдік сатысымен сәйкес келмейтінін тағы да атап көрсеткен жөн. Сезімдік таным эмпириялық танымның алғышарты болып табылады олар бір-біріне сәйкес тепе-тең процесс емес. Сондықтан түйсіктер мен қабылдаулар, дәл айтқанда, эмпириялық танымның емес, сезімдік танымның формалары болып табылады — оларда жай пайымдау (орысша - рассудок1) айтарлықтай роль атқарады. Жай пайымдаушы ой рациональдық (логикалық) танымның төменгі сатысын құрады. Жай пайымдау сезімдік танымның материалдарына сүйене отырып, олардан ұғым, пікір құрады, оларды классификациялап, бір жүйеге келтіреді, бірақ олардың мәнін ашып, зандылықтарын тұжырымдай алмайды. Сөйтіп, жай пайымдау сатысында сезімдік танымның материалдарын талдаудың нәтижесінде жеке-дара абстракциялар (ұғымдар) пайда болады, бірақ олар әлі өзара байланысқан біртұтас жүйелі білімге айналмайды. Ондай өзара байланысқан, біртұтас теориялық жүйеге біріктірілген жеке абстракциялар системасы терең "тұжырымдаушы ақыл-ой" категориясы деңгейінде пайда болады - бұл соңғы рациональдық (логикалық) ойлаудың әлдеқайда дамыған, жоғары сатысы болып табылады.

Теориялық таным жеке ұғымдар мен пікірлерден бастап, жеке ғылымдарды және ғылым аралық зерттеулерді қамтитын теорияларды және теорияларға дейінгі түрлі рациональдық таным формаларын құрудан көрінеді. Теориялық танымның негізгі элеменгтері, жалпы алғанда, мыналар: а) дәл анықталған ғылыми фактілер; ә) бір топ фактілердің жиынтығына қатысты жинақтаушы ұғымдар мен пікірлер; б) жеке абстаркциялардың (ұғымдар мен пікірлердің) ішкі байланысын тауып, біртұтас теориялық жүйеге біріктіру; в) сол ғылым зерттейтін бір қатар құбылыстарды біріктіріп түсіндіруші заңдылықтар жүйесін біріктіретін теория тұжырымдау; г) бірнеше туыстас ғылымдардың жеке теорияларын біртұтас теориялық жүйеге біріктіру. Бұл таным процестерінің алғашқы екі элементі ғылыми танымның эмпириялық сатысына, кейінгі үшеуі теориялық сатысына жатады.

Теориялық таным деңгейі абстракциялар мси идеализациялауды1 кеңінен қолданумен байланысты. Танымның бұл деңгейі эмпириялық зандарға қарағанда әлдеқайда жалпы заңдарды зерттеуге көшумен аяқталады. Соңдықтан теориялық заңдар кейде байқалмайтын объектілер туралы заңдар деп аталады, ал бұған қарама-қарсы эмпириялық зандар байқауға болатын объектілер туралы заңдар деп қарастырылады. Мысалы, газдың көлемінің қысымға кері пропорциялық тәуелділігі туралы Бойль-Мариотта заңы эмпириялық заңға жатады, өйткені ол тәуелділікті тікелей көруге және өлшеуге болады. Ал, бұған керісінше, материяның молекулалық-кинетикалық теориясына негізделген теориялық заңдар атом және молекула деген көзге тікелей көрінбейтін объектілерді пайдалануды қажет етеді. Тағы бір мысал. Биологиядағы организмдердің тұқым қуалау заңдылығы тікелей байқауға болмайтын заң болса, ал тіршілік үшін күрес заңының көрінісін жануарлар арасындағы қарым-қатынастардан (мәселен, қой мен қасқырдың, мысық пен тышқанның т.б. арасыңдағы қарым-қатынастардан) байқауға болады. Бірақ, сонымен бірге, екінші биологиялық заңды тікелей байқалмайтын заңдардың қатарына жатқызуға болады, өйткені "күрес" деген сөз метафоралық мағынада қолданылып отыр.

Әрине, теориялық заңдар мен эмпириялық заңдарды бір-бірінен бұлайша бөлу адамның дүниетану мүмкіндіктері тұрғысынан алғанда қажетті, орынды болғанымен, бірақ олардың арасынан мұндай шекара жүргізу теориялық заңдардың, жалпы теориялық білімнің өзіне ғана тән сапалық айырмашылығын, табиғатын ашып бере алмайды. Бұл айырмашылықтарды тек салыстырмалы тұрғыдан ғана қарастыруға болады, өйткені, олай болмағанда, теориялық заңдарды логикалық жолмен эмпириялық (тәжірибелік) білімдерден қорытып шығаруға болмас еді, ал іс жүзінде тәжірибелік білімдер мен теориялық білімдер диалектикалық бірлікте дамиды.

Кез келген эмпириялық танымның бастапқы формасы бақылау екендігі тарихи ақиқат, өйткені ғылыми танымды былай қойғанда, жай күнделікті таным да бақылаудан басталады. Күнделікті жай, кездейсоқ бақылаулардан ғылыми бақылаудың ең басты айырмашылығы сол, ғылыми бақылау зерттелетін заттар мен құбылысты мақсатқа сай жүйелі түрде ұйымдастырылған қабылдау болып табылады. Бақылаудың сезімдік қабылдаумен байланысын арнайы дәлелдеп жату артық, өйткені шыңдық дүниені қабылдау процесі бақылаушы сыртқы дүние жайлы алған сезімдік әсерлері мен көрнекі бейнелерін ойша өндеп, жинақтап синтездеу үшін алады.

Бақылау процесі кезіндегі сананың қызметі қабылданған фактілер мен түйсіктерді біртұтас сезімдік бейнеге біріктірумен ғана шектелмейді. Танымның эмпириялық сатысындағы сананың белсенді рөлі ең алдымен мынадан көрінеді: зерттеуші ғалым бақылау барысында фактілерді тек жай қабылдап қана қоймайды, белгілі бір идеяны, ғылыми жорамалды не теорияны басшылыққа ала отырып, ол фактілерді мақсатты да саналы түрде іздейді. Сондықтан кейде зерттеушілер ғылыми бақылаудың "теориялық жүгі бар" деген сөзді айтады, яғни бақылаудың теориялық білімдермен өзара байланыстылығын атап көрсетеді.

Осы тұрғыдан алғанда, эмпиризм мен позитивизм деген философиялық бағыттардың сыңаржақ пікірлерін айтпай кетуге болмайды. Аталған бағыттарды жақтаушылар бақылаудың "тазалығы" мен сенімділігін қорғау мақсатымен эмпириялық фактілердің теориялық идеялармен, гипотезалармен алдын ала ешқандай байланысы болмайды деп дәлелдеуге тырысады. Логикалық позитивистер, мысалы, теориялық тілмен ешқандай байланысы жоқ "таза бақылау тілін" жасауды ұсынды. Мұндай әрекеттердің бәрі іске аспайтын қияли (утопия) болып шыққандығын айтпаса да болады. Тіпті күнделікті таным процесіндегі бақылауда да адамдар бұрынғы тұрмыстық тәжірибесіне, ой-пікірлеріне сүйенеді ғой.

Бақылаудың жүйелілік және реттілік сипаты. Кездейсоқ және ұйымдаспаған түрде болып жататын күнделікті жай бақылаумен салыстырғанда, ғылыми бақылаулардың сипаты ұйымдасқан, ретті болады. Ғылыми жорамалдың ақиқаттығын немесе жалғандығын дәлелдеу үшін бір немесе бірнеше ғана бақылау әдетте жеткіліксіз болады; ол үшін ұйымдасқан жүйелі бақылау жұмыстары қажет. Екіншіден, ғылыми бақылау белгілі бір мақсатқа бағытталған болуы тиіс, өйткені әрбір зерттеуші ғалым алдына белгілі бір мақсат қояды: өзі зерттеп жүрген гипотезаны не теорияны растау немесе теріске шығару керек. Сөйтіп, ғалым кез келген фактілердің бәрін жинай бермейді, оларды сұрыптап, өзінің алдына қойған мақсатына сәйкес келетін фактілерді іріктеп алады.

Ғылыми бақылаулар мен теориялық мақсаттардың өзара байланысы мен әсерін анықтау мақсатқа сәйкес жаңа фактілерді дұрыс іздеуге ғана емес, сондай-ақ маңызды фактілерді маңызсыздарынан бөліп алып, дұрыс түсіңдіруге де мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да ғылымда маңызды жаңалықты маман емес адамның ашуы өте сирек кездеседі, өйткені ондай кездейсоқтық, әйгілі француз микробиологы Луи Пастер айтқандай, тек арнайы даярлығы бар адамға ғана көмектесе алады.

Ғылыми бақылауда сондай-ақ арнаулы құралдар мен приборлар (микроскоп, телескоп, кино және телеаппараттар т.б.) жиі қолданылады. Олар адамның сезім мүшелерінің табиғи әлсіз жақтарына көмектесіп, сейтіп бақылау нәтижелерінің объективтілігі мен дәлдігін арттыруға қызмет етеді.

Эпистемологиялық тұрғыдан алғанда ғылыми бақылаудың төмендегідей ерекшеліктеріне айрықша көңіл аудару қажет. Ол ерекшеліктер: бақылаудың субъектаралық сипаты, бақылау мәліметтерін дұрыс түсіндіру, бақылаудың ғылыми зерттеудегі қызметі (функциясы).

Бақылаудың субъектаралық сипаты. Бақылау ғылымда, бір жағынан, гипотезалар мен теориялар құрудың эвристикалық (зерттеудің шешімін табудың моделін жасау) негізі, ал екінші жағынан, оларды тәжірибеде тексерудің құралы болып табылатындықтан, ол адамның мақсат, мүддесіне, еркіне тәуелсіз объективтік нәтижелер беруі тиіс. Бұл нәтижелерді осы проблемамен айналысып жүрген кез келген басқа зерттеушілердің де нәтижелері растауы тиіс. Сондықтан бақылаулар шындық құбылыстары мен нәрселердің объективтік қасиеттері мен заңдылықтары туралы мәліметтер беруі тиіс деп жиі айтылады. Бұл жағдайда бақылаулардың субъектаралық нәтижелері туралы, яғни ол нәтижелердің жеке зерттеушілердің еркінен тәуелсіздігі, оларды басқа да зерттеушілердің растауы туралы әңгімелеу дұрысырақ, дәлірек болар еді. Алайда мұндай мақсатқа жету жолында кептеген қиындықтар мен қателіктер орын алады. Дүниені танып білудің тіпті сезімдік сатысында да қателіктер мен адасулар, тіпті сезім мүшелерінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан туатын иллюзиялар да орын алуы мүмкін. Мысалы, шыны ыдыстағы суға салынған таяқша сынық сияқты көрінетінін елдің бәрі біледі, ал оның теориялық себебі ауа мен сұйықтықтың шекарасыңда жарықтың сыну заңында екені біле бермейді.

Зерттеу ісіне ғылыми тұрғыдан қарағанда, субъектаралык, әдіс объективтік ақиқат білімге қол жеткізудің сенімді бір жолы деп есептеледі. Бірақ бұл жағдайда да түрлі зерттеушілердің бақылау нәтижелері сол кезде бар теориялық, білімдер тұрғысынан мұқият талдануы тиіс, ал олардың дәлдігі мен ақиқаттығы арнаулы приборлар мен құралдардың көмегімен тексеріледі.

Бақылау мәліметтерін түсіндіру. "Бақылау мәліметтері" деген терминді ол мәліметтер зерттеушіге дайын күйінде келеді екен деп түсінбеу керек. Мұндай түсінік бақылаудың нәтижелері туралы күнделікті мәліметтерге де сәйкес келе бермейді, ол ғылыми практикаға мүлдем қайшы келеді. Ғылымда ондай мәліметтер әдетте ұзақ жүргізілген және мұқият ойластырылған зерттеудің нәтижесі болып табылады.

Бақылау мәліметтері ақиқат болуы үшін, біріншіден, олар жеке зерттеушілердің субъективтік көңіл күйінен, мақсат-мүддесінен тәуелсіз болуы тиіс, өйткені сезімдік көңіл күйлер толық дерлік жеке адамдарға тиесілі, ал ғылымға объективтік ақиқат фактілер ғана қызмет етеді. Екіншіден, ғылымға қажетті мәліметтерге кіретіндер: бақыланатын нәрселер мен құбылыстардың жай түйсік және қабылдау бейнелері емес, олардың ақыл-ойда талданып өңделген нәтижелері. Бұл үшін таблицалар жасалып, диаграммалар мен графиктер сызылады. Бұл материалдар алдын ала жалпылаулар жасалып, аса қарапайым эмпириктік гипотезалар құрастыру үшін пайдалануы мүмкін.

Үшіншіден бақылау мәліметтерінің ақтық түсіндірмесін тиісті теорияның терминдерін қолдана отырып жасау қайсы бір гипотезаларды растау не терістеу үшін ол мәліметтерді пайдаланған кезде іске асады. Мұндай мәліметтерді пайдаланудың қажетті шарты -олардың тексерілетін гипотезаға сәйкестігі, яғни тексерілетін гипотезаны не растау немесе терістеу үшін жарамдылығы. Әдетте гипотезаға тікелей қатысы бар, белгілі бір теория тудырып отырған бақылау мәліметтері ғана дәлелді деп есептеледі. Мәселен, бақылау кезінде ток жүріп жатқан сымның үстіне жеткенде магниттің стрелкасының ауытқитынын байқаған даниялық физик Х.К.Эрстед бұл жағдайда ток магниттік өріс тудыруы мүмкін деген ойға келді. Бұл мысал жақсы ойластырылып ұйымдастырылған бақылау дайын гипотезалар мен теорияларды тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ жаңа теорияларды ашудың эвристикалық құралы бола алатынын да көрсетеді. Бақылау мәліметтері теориялық түсіндірме бермейінше өздігінше гипотезаны не растай, не терістей алмайды. Бақылау мәліметтерін теориялық тұрғыдан түсіндірмейінше, жаңадан ашылған фактілер әрі барғанда кездейсоқ ашылған түсініксіз жаңалық түрінде қала береді.

Мысалы, ертедегі гректер сукноға (мауытқа) ысқылаған янтарьдың аса жеңіл денені өзіне тартатын қасиетін ашқан (ол қазір ысқылау арқылы электрлену деп аталады). Электрмагниттік теория жасалғанға дейін мұндай байқаулардың бәрі түсініксіз құбылыс болып қала берді. Сонымен, ғылыми бақылаудың жай күнделікті бақылаудан айырмашылығы бақылау нәтижелерінің объективтігі мен дәлдігінде ғана емес, сондай-ақ оларды түсіндіру үшін теориялық ұғымдар мен заңдарды кеңінен пайдалану қажеттігінде.

Бақылаудың ғылыми зерттеудегі қызметі. Бақылау және эксперимент ғылымдағы эмпириялық танымның екі негізгі формасы болып табылады. Оларсыз теориялық зерттеулер үшін қажетті бастапқы информацияларды табу және кейін зерттеу нәтижелерін тексеру мүмкін емес. Бірақ бұл екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да бар. Бақылаудың эксперименттен басты бір айырмашылығы сол, бақылау зерттелетін құбылысқа ешқандай өзгеріс енгізілмей жүргізіледі, өйткені құбылыстың барысына бақылаушы араласпайды. Ғылыми бақылаудың бұл ерекшелігін белгілі француз ғалымы Клод Бернар былай анықтап беріпті: бақылау біз кірісе алмайтын табиғи жағдайларда іске асады.

Бірақ бұдан бақылау дегеніміз сезім мүшелерінің тікелей қабылдау аумағына тап болған нәрселердің бәрін қалай болса солай бейленендіре салатын пассивтік құбылыс екен деген қорытынды шықпайды. Бақылау дегеніміз белгілі бір мақсатқа сәйкес ұйымдастырлатын, теориялық тұрғыдан басқарылатын және тексерілетін процесс екенін жоғарыда ескерткен болатынбыз. Олай болса, зерттеуші субъект тарапынан ешқандай белсенді әрекет болмайды емес, тек бақылануға тиісті құбылыстар мен нәрселерді өзгертуді көздейтін практиклық әрекет болмайды, яғни құбылыстардың барысы өзгертілмейді, өйткені көп жағдайда біз жай бақылай отырып, құбылысты табиғи барысы жағдайыңда зерттеуге мәжбүр боламыз, себебі олардың барысына араласу мүмкін емес. Мәселен, астрономиялық құбылыстардың көпшілігіне адам араласа алмайды, бірақ кейінгі кезде космостық зерттеулердің өріс алуына байланысты бұл салада да ғылыми эксперимент қолданыла бастады.

Қоғамдық-әлеуметтік құбылыстар негізінен тыстан бақылау арқылы зерттеледі. Бірақ кейінгі кездерде мұнда да іштен бақылау әдісі қолданыла бастады, яғни зерттеуші социолог коллективтің мүшесі ретінде ұжымның ішкі өміріне араласа жүріп зерттейді. Бұл жағдайда социолог басқа адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына бөгеттік корсетпей, мәселені әлдеқайда объективті түрде зерттей алады. Бұл жағдайда сырттан бақылау, әсіресе әлеуметтік эксперимент жүргізу әдісін қолдану нақты шындықты айтарлықтай бұрмалауға алып келер еді.

Эксперимент — эмпириялық танымның аса маңызды тәсілі

Бақылаумен салыстырғаңда эксперимент жасағанда ғалым әлдеқайда дәл де сенімді нәтиже алу үшін құбылыстың өту процесіне саналы түрде араласады. Сондықтан да эксперимент әдісі ғылыми танымда кеңінен қолданылады. Қазіргі ғылымның бастамасы Г.Галилейдің алғашқы тамаша эксперименттерінен басталғаны белгілі. Соңғы төрт ғасырда табиғатты зерттеуде қол жеткен тамаша табыстар шын мәніне келгенде эксперименттердің нәтижесі екенін мойындау қажет.

Зерттеуші эксперимент кезінде құбылыстың барысына шеттен қарап тұрмастан, оның барысына белсенді түрде араласа алады. Ол эксперимент барысына араласқанда кейбір оған тікелей қатысы жоқ сыртқы құбылыстарды болдырмау арқылы немесе қайсы бір жағдайларды өзгерту арқылы араласады. Бұл екі жағдайдың екеуінде де зерттеудің нәтижесі дәл есепке алынып, тексеріледі. Сөйтіп, жай бақылауды зерттелуші құбылысқа белсенді әсер етумен толықтыра отырып, экспериментті эмпириялық зерттеудің аса тиімді әдісіне айналдыруға болады. Ал бұл эксперименттің теориямен байланысын күшейтуге көмектеседі.

Бақылау мөліметтерін іздеуге және түсіндіруге қарағанда эксперимент жүргізу идеясы мен жоспарын жасау, оның нәтижелерін түсіндіру теориядан әлдеқайда көбірек тәуелді. Қазіргі кезде эксперимент жүргізу әдісі әдетте дәл жаратылыстану деп аталатын (механика, физика, химия сияқты) тәжірибелік ғылымдарда ғана емес, тірі табиғатты зерттейтін ғылымдарда да, әсіресе қазіргі заманғы физикалық және химиялық зерттеу әдістерін қолданатын (генетика, молекулярлық биология, физиология сияқты) ғылымдарда да қолданылады.

Ғылым жетістіктерінің экспериментке міндетті екендігінің бір себебі сол, ойды тәжірибемен, теорияны практикамен табиғи байланыстыруға соның көмегімен қол жетті. Шын мәніне келгенде, эксперимент дегеніміз табиғатқа қойылатын сұрақ болып табылады. Табиғат дұрыс қойылған сұрақтарға ғана жауап қайыратынына ғалымдардың көзі жетті деуге болады. Сондықтан да Галилейдің заманынан бері қарай эксперимент табиғат пен адам арасында диалог жүргізу әдісіне, табиғаттың терең сырларына үңіле отырып, заңдарын ашудың құралына, тәсіліне айналды.

Эксперименттің құрылысы. Ғылымда қолданылатын эксперименттер мақсаты жағынан, нақты мазмұны жағынан алуан түрлі болатындықтан, олардың құрылысын анықтауға көмектесетін жалпы белгілерін табуға байланысты көптеген қиындықтар туады. Сондықтан эксперименттің жалпы құрылысына талдау жасағанда әдетте ең жалпы белгілерін анықтаумен шектеледі. Ондай белгілерінде ең алдымен эксперименттің мақсаты анықталады. Ол мақсат белгілі бір гипотезаны немесе теорияны тексеруді көздеуі не болмаса белгілі бір процестерді түсіндіруші шамалардың арасындағы кейбір тәжірибелік (эмпириктік) төуелділіктерді іздеуді көздеуі мүмкін. Эксперименттер көбінше ғылыми гипотезаларды тексеру үшін қолданылады. Сондықтан мақсатты анықтағанда гипотезадан туатын қандай салдарларды тәжірибеде тексеру қажеттігі, бұл салдарларды қандай формада (сандық жағынан ба әлде сапалық жағынан ба) келтіру керектігі дәл көрсетіледі.

Екінші жағдайда, ғалымда өз экспериментінің нәтижесі түсіндіруге көмектесетін дайын теория немесе гипотеза болмайды. Кейде мұндай эксперименттер қайсы бір ғылым саласындағы үстем теориялық қағидаларға қайшы келуі мүмкін. Мұндай мысалдарға XIXғ. аяғы мен XXғ. басында жүргізілген эксперименттердің көптеген нәтижелері бұрынғы классикалық физика саласындағы қағидаларға қайшы келген жағдайларын келтіруге болады. 1900 ж. Макс Планк абсолютті қара дененің жарық шығару процесін классикалық физика тұрғысынан тәжірибе мәліметтерінің көмегімен түсіндіруге болмайтыңдығына кезі жетіп, жарық шығаруды үздіксіз процесс ретінде қарастырмай, энергияны жеке бөліктер түрінде немесе кванттар түрінде шығаратын дискреттік құбылыс деп қарастыруды ұсынды. Бұл түсіндірме кейіннен кванттық механика теориясын жасауда аса маңызды рөл атқарды. Кванттық механиканың шығуы алдындағы ұзақ, жиырма жылдық, кезең, деп жазды бұл теорияны жасаушылардың бірі М.Борн, бұл кванттық шындықтың пайдасына қызмет ететін және классикалық механика ұғымдарының жаңа жағдайларға толық жарамсыз екенін көрсететін көптеген жаңа эмпириялық мәліметтер жинаумен сипатталады.1

Әрине эксперименттік мәліметтерді түсіндірудің бәрі бірдей ғылымда революциялық өзгеріс тудыра бермейді. Алайда кез келген түсіндірме сол тұста бар теорияларға белгілі бір талаптар қояды - кейбір элементтерін қайта қараудан бастап, негізгі қағидалары мен принциптерін жетілдіруді талап етеді.

Категория: Рефераты | Добавил: kzexe (29.03.2017)
Просмотров: 382 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Четверг, 10.10.2024, 17:19
Приветствую Вас Гость

Категории раздела

Школа как она есть [140]
География [55]
Рефераты [21]

Поиск

Вход на сайт

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0