Педагогический сайт Казахстана и СНГ

Каталог статей

Главная » Статьи » Рефераты

Ғылыми қауымдастықтың тарихи типтері

Ғылыми қауымдастықтың тарихи типтері.

  1. Ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар туралы түсініктер.
  2. Ғылымды компьютерлендірудің әлеуметтік салалары мен маңызы.
  3. Ғылым және экономика.

Кез келген ғылыми зерттеу фактілерге арқа сүйейді, бірақ фактілердің көптігі сонша, оларды талдап, классификациялап және, ең бастысы, жалпылап алмайынша, шындық дүние құбылыстары мен процестерінің даму бағытын болжау былай тұрсын, тіпті жай түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан фактілерді классификациялап, жүйеге келтіру ғылыми зерттеудің маңызды бір кезеңі болып табылады.

Факті деп (лат.factum — жасалған, іске асқан деген сөз) күнделікті таным процесінде айналадағы дүниенің сезім мүшелерінің көмегімен тікелей қабылданатын құбылыстары мен оқиғаларын түсінеді. Бұл тұрғыдан алғанда олар ақыл-ойдың жұмысына негізделетін гипотезалар мен теорияларға қарсы қойылады. Алайда бұлайша қарсы қою ғылым методологиясында дұрыс еместігі байқалады, өйткені, біріншіден, факті дегеніміз объективті түрде өмір сүретін шыңдық дүние құбылыстары мен оқиғаларының эмпириялық таным деңгейінде бейнеленуі болса, екіншіден, фактілерді тек теориялық таным деңгейінде ғана дұрыс ұғынып, түсіндіруге болады; үшіншіден, ұғымнан бастап зандар мен теорияларға дейінгі теориялық ойлау формаларының бәрі сол фактілерді дәл танып білуге құрылады және, төртіншіден, ғылыми жалпылауларды, заңдар мен теорияларды тексеру бақылаулар мен эксперименттердің және бүкіл практикалық іс-әрекеттің негізінде жүзеге асады. Сөйтіп, ғылыми фактілер мен теориялық пайымдаулардың арасында терең диалектикалық байланыс пен өзара әрекеттестік бар екенін көреміз.

Ғылыми таным мен философия тарихында фактілер мен теория арасында бір-біріне тікелей қарама-қарсы екі көзқарас бар екенін көреміз. Ғылымның дамуы үшін фактінің шешуші ролін атап көрсететін көзқарас ең көп тараған түрі деп саналады. Оны қорғаушылар қатарына эмпиризм мен позитивизмнің түрлі ағымдары жатады. Олар ғылыми білімнің бірден-бір сенімді қайнар көзі шындық фактілері деп санайды. Фактілер, олардың пікірінше, бүкіл ғылыми танымның мызғымас базисі, негізі болып табылады. Сондықтан да олар теориялық пайымдаулар мен ұғымдарды жай тәжірибелік ұғымдар мен түсініктерге жатқызуды ұсынады.

Бұларға қарама-қарсы таза ақыл-ойды, рационализмді бірінші орынға қойып, фактілерден гөрі теориялық ойды асыра бағалаушылар да айтарлықтай баршылық. Олардың көпшілігі өткен замандардағы натурфилософиялық ілімдер мен идеалистік философиялық системалардың ішінде кездеседі.

Фактілерді жалпылау зерттеудің индукциялық және статистикалық әдістерінің көмегімен іске асады. Дәстүрлі ойлау логикасында индукцияны жеке фактілер мен оқиғаларды зерттеудің негізінде жалпы қорытынды шығаратын ойқорытындының түрі деп қарастырады. Сондықтан оны қысқаша түрде жекешеден жалпыға қарай жүретін ойқорытынды деп анықтайды. Осы мақсатпен әдетте шындық заттарына немесе құбылыстарына тән бір жалпы қасиетті не белгіні бөліп алады. Мысалы, темірден, мыстан, алюминийден жасалған металл стерженнің температурасының көтерілуі мен көлемінің өсуі арасындағы қатынастың бірнеше мысалын көре отырып, бұл металл сетержендердің көлемінің өсуі температурасынан пропорциональды төуелділікте болатыны жайлы индукциялық жалпы қорытыңды жасалады. Осыдан кейін бұл тексерілген жалпы қорытынды басқа металдарға, ал одан соң басқа қатты денелерге, сұйықтарға, газдарға т.б. қолданылады. Дәл осы сияқты белгілі бір товарды өндіруге жұмсалатын электр қуатының бағасының өсуін жене басқа шығындарды бақылай отырып, электр қуатының бағасының өсуі товар өндірісінің шығынының артуына әкелетіні туралы индукциялық қорытынды жасалады. Одан кейін бұл қорытындыны зерттелмеген басқа жағдайларға қолдануға болады. Біз бұл жерде дұрыс қорытынды беретін индукциялық мысалдарды ғана келтірдік.

Ал көп жағдайда зерттелген қүбылыстардан шыққан дұрыс индукциялық қорытындыны олардың зерттелмеген бөлігіне жалпылап қолданғанда, қателесуге де алып келуі мүмкін. Сол себепті индукциялық қорытындыны әрдайым толық ақиқат деп есептемей, ықтимал ақиқат деп есептеген дұрыс, өйткені құбылыстардың зерттелмеген бөлігінің ішінде индукцияның қорытындысына қайшы келетін бір де бір факті жоқ деп ешкім кепілдік бере алмайды. Бұл фактілер белгілі бір ықтималдық деңгейде ғана индукциялық қорытындыны растай алады деген сөз. Міне, сондықтан да ғылымда индукциялық қорытындыны тек ұқсас фактілердің көмегімен ғана тексермей, айтарлықтай айырмашылығы бар фактілермен де мұқият тексереді. Көп жағдайда растайтын фактілер неғүрлым көп болса және олардың сипаты көп түрлі болса, индукциялық қорытындының ақиқаттығының ықтималдық деңгейі де соғұрлым жоғары болады.

Ғылымда қорытынды фактілерді мұқият тексеру арқылы ғана емес, сондай-ақ құрылысы индукцияға қарама-қарсы ойқорытыңды-дедукцияның көмегімен де тексереді, яғни индукциялық жолмен қорытып шығарылған жалпы қорытындыдан басқа салдарлар шығарып көреді. Бүдан кейін ол салдарлар оларды не растайтын немесе терістейтін жаңа бақылау фактілерімен салыстырылады.

Ғылымда индукциялық қорытындыға ұқсас статистикалық қорытынды деген түрі де қолданылады. Мұңдағы қорытынды зерттелуші құбылыстардың немесе оқиғалардың барлығын тегіс қамтымай, тек белгілі бір бөлігін ғана қамтитын процентгік (пайыз) шамасы көрсетіледі. Бұл ойқорьпыңдының индукцияға ұқсастығы сол, мүнда да пайымдау жекешеден жалпыға қарай жүреді, бірақ статистикада оны іріктелгеннен жалпы қосындыға қарай қорытындылау деп атайды. Іріктеу кезінде қатаң талап сақталатыңдықтан ірікгелгендерден жалпы қосындыға қарай ойқорытындылау жай индукцияға қарағаңда сенімділеу болады. Қоғамдық-экономикалық болжамдар физика мен астрономиядағыдай дәл болмағанымен, бірақ қоғамдық құбылыстарды зерттегенде де соңдай-ақ индукция және дедукция сияқты жалпы ғылымдық әдістер қолданылады. Адамға жүру үшін оң аяқ пен сол аяқ қандай қажет болса, ғылыми ойлау үшін индукция мен дедукция сондай қажетті деген қанатты сөз ғалымдар арасында кең тараған.

Ғылым зандарында шындық дүниенің құбылыстары мен процестерінің арасындағы ұдайы қайталанып отыратын байланыстар мен қатынастар бейнеленеді. Ертедегі гректерден бастап XIXғасырдың екінші жартысына дейін құбылыстар арасындағы ұдайы қайталанушы қажетті де мәнді байланыстарды ашып көрсететін жалпы пікірлер ғана ғылымның шын заңдылығы деп есептеліп келді. Сонымен қатар ұдайы қайталану құбылыстардың барлық тобына емес, кейбір бөлігіне ғана қатысты болуы мүмкін. Сол себепті әрекет ету ауқымына қарай барлық заңдарды универсальдық (жалпы) және жеке зандар деп екі негізгі топқа бөлуге болады.

Объективтік дүниенің құбылыстары мен заттары арасындағы қатаң түрде ұдайы қайталанушы, қажетті де ең жалпы байланыстарды бейнелендіретін заңдарды универсальдық заңдар деп атау қабыл алынған. Мұндағы "ұдайы" деген термин бір топқа жататын құбылыстардың мәнді байланыстарына тен үздіксіз қайталану белгісін көрсетеді. Мысал үшін барлық денелерге тән көлемінің жылудан ұлғаю құбылысын алып қарастырып көрейік. Бұл құбылысты біз "Барлық денелер қыздырған кезде, ұлғаяды" деген сөйлеммен білдіреміз. Физика тілімен дәлірек айтқанда, ол температура мен денелердің көлемі арасындағы функциялық қатынасты сандық белгілі арқылы бейнелеп отыр. Қазіргі логика тілінде бұл және басқа универсальдық заңдар мынадай жалпы импликациялық (шартты) формада тұжырымдалады: "Егер S болса, онда Р болады", яғни "егер қыздырса, онда дене ұлғаяды" деп, екі құбылыстың арасында әрдайым болатын шартты әрекеттестікті бейнелендіріп отыр.

Жекеше, немесе эксистенциальдық, заң деп жалпы универсальдық заңнан туынды, бір топқа жататын құбылыстардың бір бөлігіне ғана тән құбылысты білдіретін заңды айтады. Мысалы, қыздырғанда денелердің бәрінің көлемі ұлғаятындығын негізге ала отырып, онда барлық металдардың көлемі қыздырғаңда ұлғаяды деген пікір айтамыз. Ал "металдар" барлық денелердің бір бөлігі болып табылады.

Екіншіден, зандар детерминистік және стохастикалык, болып екі бөлінеді. Бұлайша бөлу болжау дәлдігіне қарай жүргізіледі. Детерминистік деп құбылыстардың себепті байланыстарын дәл ашып көрсетуге негізделген зандарды айтады. Ал стохастикалық деп тек ықтимал ғана болжамға негізделген заңды айтады. "Стохастис" грек тілінде ықтимал, кездейсоқ деген мағынаны білдіреді.

Классикалық ғылымда универсальдық және детерминистік зандар үзақ уақыт бойы нағыз ғылыми зандар деп есептеліп, зерттеулердің негізгі міндеті сондай зандарды іздеу болды. Мысалға И.Ньютонның дүниежүзілік тартылыс заңы деп аталып кеткен әйгілі заңын алып қарасақ, ол сондай заңға жатады. Мұндай заңдар бір қатар мәнсіз белгілерді, факторларды назарға алмайды, ең бастысы, кездейсоқ құбылыстарды және олардың өзара әрекетін ескермейді, ал шынына келгенде, олар табиғатта ғана емес, сондай-ақ қоғам өмірінде де айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Алайда, басқа ілімдерді былай қойғанда, тіпті марксистік философияда да кездейсоқтықтың рөлі мойындалғанымен, бірақ кездейсоқтыққа қарағанда қажеттілікке маңызды орын беріліп, кездейсоқтық қажеттіліктің көріну формасы ғана деп түсіндіріледі. К.Маркс "Капиталында", мәселен, занды "құбылыстар арасындағы ішкі және қажетті байланысы" деп анықтайды.

Қазіргі заманғы түсінік бойынша, мұндай заңдарды жорамалдығы ақиқатқа жақын детерминистік заңдарға жатқызған жөн. Стохастикалық заңдарда мұндай сипат болмағанымен, бірақ оларда да бір қатар кездейсоқ оқиғалардың ұдайы қайталану жағдайлары кездеседі. Стохастикалық немесе, ескіше атауын қолдансақ, статистикалық заңдар демографияда, сақтандыру ісінде, тұрғын халықтың статистикасында, экономикада және т.б. көптен бері қолданылып келеді. Соған қарамастан олар ұзақ уақыт бойы универсальдық және детерминистік заңдармен бірдей тең заңдар қатарында қолданылмай келді. Рас, статистикалық талдаудың кейбір формалары, мысалы елдегі халықтардың санын, олардың жұмысы мен кәсібін т.б. білу үшін оқтын-оқтын жүргізілетін халық санағы, заңға мүлдем жатпайды, олар қолда бар мәліметтерді жинақты түрде пайдаланудың ыңғайлы шарасы ретінде пайдаланылады. Іріктеп алынған фактілерден жалпы қорытынды пікір тұжырымдау үшін, мәселен, қоғам өмірінің қайсы бір маңызды мәселелері бойынша көпшіліктің пікірін білу үшін социологияда, экономика мен саясаттануда көп жағдайда статистикалық қорытындыларға арқа сүйейді.

Эмпириялық және теориялык, заңдар. Заңдардың ішіндегі ең кең тарағандары бір-бірімен тікелей байланысты екі құбылыстың арасындағы қажетті себептілік қатынасты бейнелендіретін заңдар. Екінші құбылысты тудыратын біріншісі себеп деп, ал себептен туатын екіншісі салдар деп аталады. Зерттеудің алғашқы, эмпириялық сатысында әдетте құбылыстар арасындағы ең қарапайым себепті байланыстар қарастырылады. Алайда, одан әрі құбылыстар арасындағы әлдеқайда тереңірек, түбірлі қатынастарды алып беретін басқа түрлі заңдарды талдауға көшеді. Мұндай түбірлі зерттеу теориялық заңдарды, басқаша айтқаңда бақылауға болмайтын объектілер заңдылықтарын ашқан кезде айқынырақ көрінеді. Ал заңдар кез келген ғылымда шешуші рөль атқарады, өйткені олардың көмегімен эмпириялық зандар түсіндіріледі, ал бұл соңғының арқасында көптеген жеке фактілер қорытындыланады. Сондықтан теориялық зандарды ашу эмпириялық зандарды ашуға қарағанда әлдеқайда қиын болады.

Теориялық зандарды ашу жолы гипотезалар ұсынып, оларды үздіксіз тексеру арқылы жүреді. Егер көптеген тексеру әрекеттерінің нәтижесінде гипотезадан эмпириялық заңды алу мүмкіндігі туса, онда ол теориялық заң болуы мүмкін деген үміттену пайда болады. Егер гипотезаның көмегімен бұрын белгісіз жаңа фактілерді ғана ашпай, бүған дейін белгісіз болып келген эмпириялық заңдарды да болжап, ашуға болса, онда жаңа теориялық занды ашуға деген сенім арта түседі. Мысалы, дүниежүзілік тартылыстың жалпы заңы Галилей мен Кеплердің ашқан эмпириялық заңын одан әрі түсіңдіруге және анықтай түсуге жағдай жасады.

Эмпириялық және теориялық заңдардың зерттелетін құбылыстардың мәнін ашу терендігі мен дәлдігі түрліше болғанымен, бірақ олар зерттеудің өзара байланысты да қажетті сатылары болып табылады. Фактілерсіз және эмпириялық заңдарсыз теориялық заңдарды ашу мүмкін емес, ал теориялық заңсыз эмпириялық занды түсіңдіруге болмайды.

Ғылыми теориялар өзінің құрылымы жағынан бастапқы негізгі ұғымдар мен зандар жүйесі болып табылса, бұлардан анықтамалардың көмегімен оның барлық басқа ұғымдары құрылады, ал негізгі зандардан басқа зандар логикалық жолмен қорытып шығарылады. Бұлайша қарағанда, теория алғашында аса қарапайым эмпириялық заңдарды, ал одан кейін жалпылығы онша кең емес теориялық заңдарды ашудың қиын ізденістері нәтижесінде пайда болады. Тек зерттеудің ақыр соңында ең жалпы теориялық заңдар тұжырымдалады. Сондықтан теорияны бір тұтас ғылыми білімнің белгілі бір жүйесі ретінде тұжырымдау жеке гипотезаны не заңды тексеріп, тұжырымдаудан гөрі айтарлықтай күрделі де қиын іс болып табылады, өйткені тұжырымдалып аяқталған теорияның құрамына ұғымдар, пікірлер, заңдар және қосымша жорамалдар кіреді ғой. Жақсы дәлелденген және сенімді түрде негізделген жалпы мазмұнды гипотезалар кейіннен заңға айналады, сөйтіп теорияның құрамына енеді. Сөйтіп, тұжырымдалып аяқталған теория дегеніміз ұғымдар, қорытындылар, аксиомалар мен заңдар сияқты элемегатерден тұратын бір тұтас білімдер жүйесі болып табылады. Оның аталған элементтері белгілі бір логикалық қатынастар түрінде өзара байланысады.

Категория: Рефераты | Добавил: kzexe (29.03.2017)
Просмотров: 281 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Четверг, 10.10.2024, 17:19
Приветствую Вас Гость

Категории раздела

Школа как она есть [140]
География [55]
Рефераты [21]

Поиск

Вход на сайт

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0