Педагогический сайт Казахстана и СНГ

Каталог статей

Главная » Статьи » Школа как она есть

Тілашар

«Тілашар» тойы. 
Мақсаты: Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғындарды оқушылыққа қабылдап , олардың өнерлерін ортаға салу. 

Ертеңгіліктің барысы:

Мұғалім: - Бақытты балғындар, ардақты ата-аналар, құрметті меймандар, тілашар тойы құтты болсын! Мектеп табалдырығын алғаш аттаған шәкірттер, қадамдарың сәтті болсын!

Қойылым: « Әже мен немере».

Немересі: Әже, маған мектепте, 
Ұрыспай ма мұғалім ? 
Мен білетін ертекті, 
Дұрыс, - дей ме, шырағым!

Әжесі: Айналайын, ақылдым, 
Өмірімнің жалғасы. 
Қартаюға жақынмын, 
Арманымды жалғашы.

Сен ақылды баласың, 
Мектебіңе барасың. 
Ұрыспайды мұғалім, 
Ол да сенің анашың.

Немересі: Әже, мені мұғалім, 
Сіздей жақсы көре ме ? 
Орындалып сұрағым, 
Көтере ме төбеге ?

Әжесі: Тәртібің мен білімің, 
Қатар өсіп дамысын. 
Жеңбесі жоқ білімнің, 
Қосылса оған намысың.

Немересі: Еркелегім келсе егер, 
Көтерем бе қолымды ? 
Еркелікке, көнсе егер, 
Күнде етем бе сонымды ?

Әжесі: Еркелікті қалдыр да, 
Үйде отырған әжеңе. 
Ақылыңды алдырма, 
Адал бол, ақ батама.

Немересі: Әже, сізсіз мектепке, 
Тіпті барғым келмейді. 
Ертіп баршы мектепке, 
Сонда ешкім жеңбейді.

Әжесі: Әжесінің баласы – 
Жаман бала болмайды. 
Қабыл болып батасы 
Алла өзі қолдайды!

Немересі – Бейбіт Ғибадат, әжесі – Зекім әже.

Мұғалім: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған егінші де, мал бағып терін төккен шоппан да, көк күнбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі – бәрі мына отырған өз ата – аналарың, әжелерің де Әліппеден бастау алған. Ендеше, балалар, ортаға қолымызға алғаш ұстаған оқулығымыз Әліппені шақырайық.

Әліппе: Армысыздар, жас достар! 
Армысыздар, ата-аналар! 
Болашаққа жол бастар, 
«Әліппең» келді ортаға, 
Білім деген ғажаптың 
Әліппесін меңгерген, 
Келешегі қазақтың, 
Басталады сендерден, 
Таудай болса талабың.

Әліппе: Мені оқып сауаттарың ашылып, оқуды, жазуды тереңірек үйренесіңдер. «Мектеп – кеме, білім – теңіз » - дегендей терең білімді, елін сүйер ұлан болыңдар! Қадамдарың сәтті болсын! Қадамдарың құтты болсын!

Хор: «Әліппе».


1-оқушы: Мектеп – қамқор анамыз, 
Оқып, білім аламыз. 
Өнерпаз боп өсетін, 
Біз – оқушы боламыз.

2-оқушы: Өсіп ой мен санамыз, 
Өмірге жол саламыз, 
Білім қуған баламыз 
Біз оқушы боламыз!

Уәлиев Бекнұрдың орындауында ән: «Мейірбан ұстаздар».

3-оқушы: Өмірімнің көктемін 
Сенде өткізем деп келдім, 
Алтын – ұям мектебім!

4-оқушы: Армандарым көп менің 
Атқарамын деп келдім, 
Асыл анам – мектебім!

Әбілқасенов Жақсылықтың орындауында Меңжановтың әні «Болайықшы осындай».

5-оқушы: Оқып ғылым тектерін 
Ой аламын деп келдім, 
Оттан ыстық мектебім!

6-оқушы: Өнерпазың көп сенің, 
Өнер табам деп келдім 
Өз бесігім – мектебім!

Хор : «Сәлем саған, мектебім». Әні: Латиф Хамидидікі.

7-оқушы: Тану үшін бабаңды, 
Тану үшін анаңды, 
Тану үшін ғаламды – 
Мектеп керек адамға!

8-оқушы: Тану үшін адамды, 
Тану үшін жаманды, 
Тану үшін заманды – 
Мектеп керек адамға!

9-оқушы: Мен талапты баламын, 
Мектепке енді барамын. 
Үйреткенін үйреніп, 
Ұстаздан көп аларым.

Бейбіт Ғибадат пен Ғалымбек Әйгерімнің орындауында Байділдаевтың әні «Менің Отаным».

10-оқушы: Мен тәртіпті баламын, 
Түгел қағаз, қаламым. 
Бір күн қалмай сабақтан, 
Кілең «бестік» аламын.

11-оқушы: Мен намысшыл баламын, 
Тек үлгілі боламын. 
Білім іздеп жалықпай, 
Кең дүниені шоламын.

12-оқушы: Не болса соған жыламай, 
Үлкеннен көмек сұрамай. 
Жеті жыл жерден таяқ жеп, 
Жүгіріп кеттім құламай.

Роман Айсұлтанның орындауында Ғизатовтың әні «Төлдер».

13-оқушы: Жеткіншек болдым, мінеки, 
Жетілді ойым, бойым да. 
Киімді беріп: «мінеки, ки!» - 
Демеңдер, шықсам ойынға.

14-оқушы: Алып ұшып келдім мен 
Қиып қызық ойынды. 
Жетегіңе ердім мен 
Түзетуге ойымды. 

Ал енді «Шалқан» ертегісін тамашалаңыздар. 
«Шалқан» ертегісіне қатысқандар: шалқан – Роман Айсұлтан, шал – Төлеген Әлібек, кемпір – Қапышева Жұлдыз, немересі – Кәрімқұл Гүлзат, ит - Әбілқасенов Жақсылық, мысық – Уәлиев Бекнұр, тышқан – Инаят Тұрар.

Мұғалім: Ал енді құрметті қонақтар, біздің сынып ата-аналарының сіздерге және балғындарға арналған сыйлары бар екен соны тамашалаңыздар.

Қуыршақ театры. Ертегі: «Бауырсақ». 
Қуыршақтарды сомдаған – ата-ана Торшаева Шаттық.

Торшаева Шаттықтың орындауында ән: «Айналайын».

Мұғалім: Айналайын балғындар, 
Алға бағыт алыңдар 
Ертең өсіп толыңдар- 
Ел мақтаны болыңдар. 
Орындалды ойларың, 
Құтты болсын тойларың!

Құттықтау сөз оқу ісінің меңгерушісі Шынар Садуақасқызына беріледі.

«Тілашар» тойының иелеріне бата беру үшін сөз Ғибадаттың апасы Зекім апаға беріледі.

«Тілашар» тойына белсене қатысқан ана-аналар Зекім әже мен ата-ана Шаттықты марапаттап, алғыс хат тапсыру.

Категория: Школа как она есть | Добавил: kzexe (02.03.2017)
Просмотров: 444 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Понедельник, 07.09.2026, 10:50
Приветствую Вас Гость

Категории раздела

Школа как она есть [140]
География [55]
Рефераты [21]

Поиск

Вход на сайт

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0